?Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы. Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының 7 мектептерінде «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» штатын 2024-2025 оқу жылынан бастап енгізуді жоспарлап отыр. Оқушыларға менторлық көмек көрсетемін деген жандарды конкурсқа қатысуға шақырамыз. Орын саны шектеулі!

 

?? Менторлардың функционалдық міндеттері:

− Білім беру үрдісінде этикалық тәрбие, заң үстемдігі қағидаттарын іске асыруға ықпал ету;

− Кемсітушілік, зорлық-зомбылық және құқыққа қарсы мінез-құлықтың барлық түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

− Қазақстан халқының ұлттық-мәдени құндылықтарын басшылыққа алып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету;

− Ақпараттық сауаттылық, мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету (әлеуметтік желілер, кәсіби қарым-қатынас, педагог-ата-ана коммуникациясы, оқушы-оқушы коммуникациясы);

− Білім алушылар арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал, қауіпсіз орта құру;

− Девиантты мінез-құлқы бар балалармен жеке жұмыс және т.б.

 

❗️Үміткерлерге қойылатын талаптар: Педагогика, психология, әлеуметтану, саясаттану, құқық, журналистика сынды мамандықтар бойынша білімі бар және балалармен жұмыс, қоғаммен байланыс, азаматтық позиция, волонтерлік, қоғам белсендісі сияқты дағдылары болуы тиіс.

 

? Конкурсқа қатысуға өтініш 2024 жылдың 30 маусым күні сағат 18:00-ге дейін zhetysumentor@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Жіберу керек құжаттар: жеке куәлік, диплом, түйіндеме (толық жазылған) немесе өмірбаян, еңбек кітапшасы, жетістіктері (марапат, сертификат және т.б.). Қосымша сұрақтар бойынша: 87759491233; 87282414287 жобалық кеңсенің басшысы Атайбаева Мадина.

 

⛔️ Егер құжаттар тізімі толық болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.

Өтініш беруші барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда үміткер ретінде тіркелгендігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер кері байланыс болмаған жағдайда өтінім қабылданбады деп саналады. Өтінім жібере отырып шарттармен келісетіндігіңізді растайсыз.

Жұмыс уақыты: 5/2, 09:00 – 18:30-ға дейін. Қажеттілікке қарай қосымша жүктемелер болады. Жұмыс орны: Комиссия бекіткен мектеп базасында. Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметші ретінде тіркеледі. Педагогикалық еңбек өтілімі жүргізілмейді.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *