Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы өте зор. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Халықтың күш-жігерін біріктіріп, бұл дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Осыған сәйкес Елтай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнайы жәшік орнатылып, тиісті комиссия құрылған. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітіліп, сенім телефоны жұмыс істеуде. «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының талаптары бойынша семинар-кеңес, дөңгелек стол отырыстары өткізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормаларының сақталуы басты назарда.
Бір сөзбен айтқанда, бізге мемлекеттік қызметкерлерге, сыбайлас жемқорлық үшін туындайтын жауапкершілік салдарын саналы түрде ұғынып, осы жұмыстың деңгейі мен сапасын арттырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрқайсымыздың парызымыз екенін естен шығармауымыз қажет. Сонда ғана қоғамның бұл дертін түбегейлі жоя аламыз деп ойлаймын.
Н.Бельгибаева, Елтай ауылдық округінің бас маманы.