Балалар жылына орай жуырда балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық ашық турнир өтті. Спорттық шараға Алакөл ауданының ауылдық округтерінен бөлек Аягөз, Балпық би, Шығыс Қазақстаннан келген палуандарды санағанда жалпы саны 230 спортшы қатысты.

Жарыстың алғы сөзін Алакөл аудандық ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Бейбіт Айтахметов алып, спортшыларға жеңіс тіледі. Алакөл ауданының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен Үшарал қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған жарыс барысы дзюдошылардың жылы мен салмақ дәрежелеріне қарай көк кілемде өнер көрсетулерінен тұрды. Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру, ауылдық елді мекендерде дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Биыл дәстүрлі түрде үшінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге келген жеткіншектер жеңіске жетуге барын салды.

Турнир аяғында жақсы көрсеткіштерімен алға шыққан спортшылар мақтау грамоталарымен және медальдармен марапатталды. Ал, жеңімпаздардың жаттықтырушылары ақшалай сыйақы алып, алғысқа бөленді.

Қарлығаш ЕРКІН

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *