Орманды қорғау мен күзету – орман өрттерінің алдын алу, орман ағаштарының заңсыз кесілуіне және ҚР басқа да орман заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ орман аурулары мен зиянкестерінен, табиғи сипаттағы қолайсыз факторлардан қорғау болып табылады. Алайда орман қорына үлкен залалын тигізетін орман өрттері туралы айтпай кетуге болмайды. Орманның бірден-бір жауы өрт. Өрт орны толмас зиян келтіреді, орман алқаптарын аяусыз жояды, орманның рекреациялық, егіс-топырақ қорғау және су сақтау функцияларын бұзады.
Орман өрттері негізінен адамдардың кінәсінен туындайды. Табиғат байлығының экологиялық та, экономикалық та маңызы бар екенін ескермеудің кесірі неге әкеліп соғатынын бәріміз де жақсы білеміз. Айналаға көрік берер жасыл желекті орман алқабы ұрпақтан ұрпаққа мұра болар байлығымыз. Ал, оны қорғау тек қана орман қорғаушыларының ғана емес барша адамзат баласының парызы. Ұрпақ мақтанышына айналар қоршаған ортаны қорғай білейік!
Д. МҰҚАНОВ, Қаратал орманшаруашылығының №4 айналымның орман күтушісі