Аудан әкімі Е. Исабеков ауданымыздағы Жолбарыс батыр ауылдық округіне барып, егіс жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Аудан басшысы аграршылармен кездесіп, биылғы ауыл шаруашылығы жылының ерекшеліктері, түсімділік болжамдары, сондай-ақ суармалы сумен қамтамасыз етілу мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 911 дана ауыл шаруашылық техникалары жұмылдырылды. Жалпы биыл аудан бойынша 21,8 мың га, оның ішінде 8 мың га дәнді дақылдар, 7 мың га жемшөп, 2,7 мың га майлы дақылдар, 3 мың га картоп пен көкөніс, 700 га қант қызылшасын егу жоспарлануда.

«Қаратал-ақпарат»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *