Конституциялық Сот азаматтардың жолдамалары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.
Мысалы, Конституциялық Сот Е.М.Аққожаның «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция) сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.
Конституциялық Сотының 2024 жылғы 23 шілдедегі № 49-НҚ нормативтік қаулысына сәйкес «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабы 2-тармағы 11) тармақшасы Конституцияға сәйкес келмейді деп танылып, аталған тармақшаның алынып тасталды.
Яғни, бұрын өзгеріс енгізгенге дейін Кодекстің 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, анасының қайтыс болуы немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар бала асырап алушы бола алмаған.
Ендігі кезде тіркелген некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар бала асырап алушы бола алады.