18 сәуір – Тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тарих және мәдени ескерткіштер» тақырыбында таным сағаты өткізілді.

Шараға Абай атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Құнды жәдігерлер көне тарихтан сыр шертіп тұрары анық. Кітапханашылар ауданымыздағы тарихи ескерткіштер жайлы ақпарат беріп, өз ойларымен бөлісті. Бұл күннің маңызын түсіне білген оқушы балалар Мықтыбек ата кесенесі, Жәлменде би мен Пышан ата ескерткіштері жайлы баяндады. Тарихи ескерткіштерді қорғау – парызымыз деп білген оқушылар жырдан шашу шашып, тарихи құндылықтарға деген өз құрметтерін білдірді.

 

«Қаратал-ақпарат»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *