Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде,яғни үстіміздегі жылдың сәуір айының екінші жұлдызында,өз құрбыларының алды болып,кейінгілерге аға ретінде тоңдырмайтын жаға болып жүрген ауданымыздың мәслихат хатшысы Жандос Қасқырбекұлы Тенелбаевтың бастамасымен 40 жастан жоғарылар  арасында аудандық баскетболдан турнир өтті.

  • Біздің мақсатымыз,жастарға өнеге болып, «Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындырып,спортқа,салауаттыққа дағдыландыру,-деді бізбен сұхбаттасқан осы жарыстың ұйытқысы болып отырған Жандос Қасқырбекұлы.

Әрине, спорт дегеніміз ең алдымен денсаулық,бәсеке,ұжымдық бірлік емес пе? Спорт кімді болса да тер төгіп,алға қойған мақсатқа жетуге баулиды ғой. Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек,ел болып болашағымызды,ұлтымызды,тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық,ішімдік,темекіден бойымызды аулақ ұстап,қоғамымыздың осындай түнектерінен арылуының жолын іздеп,салауатты өмір салтын насихаттау-баршаның міндеті деп ойлаймын.

-Бүгінгі 40-жастан жоғарғылар арасында алғаш рет өткізілейін деп отырған волейбол турниріне төрт команда қатысып отыр,- деді Қаратал ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы КММ-нің директоры Мәди Нұрлыбекұлы.-Олар Балпық би,Бастөбе ауылдық округтары мен Бикен Рымова атындағы мектеп пен аудандық әкімшілік командалары.

Воллейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Воллейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн. Осы тұрғыда қорғаушы Байсеитова Анардың,шабуылшы Мыржиков Қуандықтың,байланыстырушы Бүксікбаев Мұхтардың шеберліктерін ерекше  атап өткен жөн. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынға Балпық би ,екінші орынды аудандық әкімшілік,үшінші орынға Бикен Римова мектебінің командалары ие болды.Женімпаздар кубок,медальдармен,мадақтама қағаздар мен және жеке демеуші ретінде,осы турнирдің ұйытқысы Жандос Қасқырбекұлы Теңелбаевтың атынан ақшалай сыйлықтар мен марапатталды.

40-тан асқандар арасындағы спорттық турнирлер өз жалғасын табады деп сенеміз.

 

 

Н.Далыбайұлы.

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *