«Ардагерлерді,ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
«1989 жылдың 15 ақпаны – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. Көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдарды бастан кешкен, сол кезде қаза болған бауырларымызды еске алатын күн. Тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған Ауған соғысына ауданымыздан да бірқатар азаматтар қатысты. Өзге елде болса да, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті. Ал арамызда жүрген ардагерлерімізге құрмет көрсету – баршамызға зор міндет.
Аман жүріңіздер! Ауған соғысының ардагерлері! Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың белгісіндей, жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін!
